Journals / Türkoloji / 2022 / Sayı: 110

ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ БАРЫСЫ. БОЛАШАҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ҰСЫНЫС

Journal
Türkoloji
Pages
121–140
DOI
—

Özet

Қазіргі таңда қазақ тіл білімінде мақал-мәтелдерді зерттеу үш кезеңге бөліп қарастырылуда, мақалада үшінші кезеңдегі мақал-мәтелдерді зерттеудің негізгі үш: этнолингвистикалық; салыстырмалы-салғастырмалы лингвомәдениеттану және гендерлік лингвистика бағыттарына назар аударылады. ХХ ғасырдың соңы ХХІ ғасырдың басында жарияланған отандық және ағылшын тілді шетелдік зерттеулерге паремиология мәселелері бойынша репродуктивті сипаттамалық-аналитикалық шолу жасалады. Мақалада заманауи отандық және шетелдік паремиологиялық зерттеулердің негізгі бағыттары анықталды, болашақ зерттеу бағыттары ұсынылады.

Keywords: мақал-мәтелдер, паремиологиялық зерттеулер, этнолингвистика, салыстырмалы, салғастырмалы лингвомәдениеттану, зерттеу бағыттары