Journals / Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Dergisi / 2022 / Cilt: 5 - Sayı: 3
БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҰРҒЫДАН ҚОРҒАУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТІҢ МАҢЫЗЫ
- Pages
- 163–176
- DOI
- —
Özet
Ұсынылып отырған мақала жоғарғы оқу орындарында «әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша білім алып жатқан болашақ әлеуметтік педагогтардың әлеуметтік-құқықтық дайындығының жоғары деңгейін, құқықтық құндылықтардың қалыптастыруына баса назар аударады. Мақсаты болашақ әлеуметтік педагогті балалық шақты әлеуметтік-құқықтық тұрғыдан қорғауға дайындау мүмкіндіктері туралы жалпы педагогикалық, құқықтық көзқарасты кеңейту болып табылады. Жоғары оқу орындарында оқыту теориясы бойынша болашақ әлеуметтік педагогті балалық шақты әлеуметтік-құқықтық қорғауға дайындаудың педагогикалық шарттары туралы жүйелі түрде баяндалған. Авторлар болашақ әлеуметтік педагогті балалық шақты әлеуметтік-құқықтық қорғауға дайындау оның негізгі бағыттары мен қағидаттарының, субъектілері мен объектілерінің, баланы әлеуметтік-құқықтық қорғаудың нысандары мен әдістерінің жиынтығын біріктіретін әлеуметтік-құқықтық қорғау жүйесін құруға кәсіби және жеке дайындығын қамтамасыз етеді деп есептейді. Теориялық талдау негізінде «балалық шақ» әлеуметтік-құқықтық қорғаудың объектісі ретінде анықталды және «құқықтық мәдениет», «педагогикалық мәдениет» мәселелері қарастырылды. Баланы әлеуметтік-құқықтық қорғаудың мазмұны мен нысандары, баланың құқықтары мен қадір-қасиеттерін қорғаудың нормативтік-құқықтық базасы анықталды. Балалық шақты әлеуметтік-құқықтық тұрғыдан қорғау технологиясының мазмұнының тұжырымдамалық тәсілдерін түсінуді, аталған бағыт бойынша білім бағдарламаларына пәннің енуін, ауқымын кеңейту ұсынылды.