Journals / Uluslararası Türk Lehçe Araştırmaları Dergisi (TÜRKLAD) / 2018 / Cilt: 2 - Sayı: 1

ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ САРЫНДАР ҚОЛДАНЫСЫ

Pages
367–372
DOI
—

Özet

Мақаладa қазіргі қазақ прозасындағы сарындардың қолданысы жайлы қарастырылады. Көркем туындыдағы этно-фольклорлық үрдіс, сарын түрінде ғана көрініп, ол кейіпкер тұлғасын, жан әлемін жайып салудың әдісі ретінде авторлық баяндау мен шешімде көбірек көрініс табады. Ол уақыт этно-фольклорлық дүниетаныммен мазмұндас. Екі түрлі таным мен адам типінің арасындағы қарым-қатынас қайшылығына зерделей үңілу, талантты қаламгерлерге тән қасиет. Сарын — ән жанрының речитативті саласының бір түрі. Қазіргі таңда сарындарды қазақ прозасынан көптеп кездестіруге болады. Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс» романынан да кездестіруге болады. Шын суреткер - бір қалыптан шыққандай өз тегі, өз заманының ортақ ұлы ғана емес, ол – қайталанбас дарынды дара тұлғасымен, шеберлігімен, ерекше қатынас – көзқарасымен өзі жасаған сом суретке өз қолтаңбасын қалдыра алатын адам.

Keywords: Интелегент, социалистік реализм, интеллект, рационалды және интуитивті