Journals / Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Dergisi / 2020 / Cilt: 3 - Sayı: 1
Pedagogical Diagnostics as Completed Part in School Management
- Pages
- 31–46
- DOI
- —
Özet
Зерттеу барысында педагогикалық диагностика тек педагогикалық қызметтің бастапқы, орталық және қорытынды буыны ғана емес, сонымен қатар қазіргі мектептегі басқарудың қажетті құрамдас бөлігі екені анықталды. Бұл қағидатты жағдай педогикалық диагностика тек функция, шарт, басқару құралы ғана емес, оның қажетті компоненті деп айтуға мүмкіндік берді. Педагогикалық диагностика басқару компоненті ретінде біз қазіргі заманғы мектепте басқару субъектілерінің объектілерді бағалау және болжау мақсатында олардың жағдайын бақылау бойынша қызметінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады, олардың негізінде басқару процесі жетілдіріледі.Сонымен қатар мақалада диагностиканың тиімділігімен қатар басқаруды құруда директорға оқу-тәрбие процесін құруда жоғары нәтижелер алуға мүмкіндікті болжау құралы екендігі тілге тиек етіледі. Педагогикалық диагностика проблемалардың мәніне терең енуге, оларды шешуге қол жеткізуге, олардың пайда болуының алды алуға мүмкіндік береді және егжей-тегжейлі зерттеуді талап ететін оқу-тәрбие процесінің түйіндерін ажыратуға көмектесетін құрал екендігі ашып көрсетіледі.